Блог статистикасы
195
Жазбалар
3624
Өтініштер
153954
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауданның тарихи

Алтынсарин   ауданы  - Ыбрай жері

Бастапқыда  Обаған  ауданы  1928 жылы 17 қазанда АССР  Қазақ Үкіметінің  қаулысымен  Большечураков болысынан құрылды. Осы қалпында  1935 жылға дейін    өзгеріссіз болды. Аталған  жылдары  Қазақ АССР  жаңа Конституциясын қабылдауға  дайындық жүргізіп жатқан болатын. Осы  мақсатта  елімізде аумақтық-әкімшілік бөлу тәртібі  жүргізіліп,  облыстық, аудандық, ауылдық кеңестер құрылып  жатты. Сол  уақытта   Қостанай облысының басым  аудандары  оның ішінде  Обаған ауданы Ақтөбе облысына қараған болатын. Бірнеше рет аты  өзгертіліп, кейіннен   Қостанай, Семиозер (Әулиекөл)  және  Урицк  (Сарыкөл)  аудандары болып  екіге  бөлінді. Қостанай облысының құрылуына байланысты  1936 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап  Обаған ауданы  үшінші  рет қайта   құрылды.

60 жылдары ауданның  құрылымын жетілдіру жөнінде жұмыстар  жүргізіле басталды. Қазақ ССР Жоғарғы  Советі Президиумының жарлығымен   1963 жылы 2 қаңтарда  Затобол, Қостанай және Обаған  аудандары базасында  Қостанай  ауданы құрылып,  аудан орталығы болып  Затобол п.  аталып, қорытындысында  Обаған  ауданы  жойылды.

1963 жылдың қаңтарынан 1985 жылдың қазан айы аралығында аудан  мүлдем болмады.  Тек 1985 жылдың 9 қазан айынан бастап Қазақ ССР Жоғарғы  Советі Президиумының жарлығымен  Қостанай, Урицк және Семиозер аудандарынан   Обаған ауданы  құрылды.  Обаған ауданының құрамына  12   ауылдық кеңестер: Б- Чураковский, Владимировский, Димитровский, Маяковский, Силантьевский, Совхозный, Щербаковский, Докучаевский, Лермонтовский, Новоалексеевский, Свердловский және  Приозерный  кірді.

 Жаңа  аудан  орталығы  Обаған  селосы     аз уақыт  ішінде  бой көтеріп,   барлық әлеуметтік  коммуникациялық қызметімен   заманауи елді мекеннің  кипіне  ене бастады.

Жаңа  аудан  барлық  бағытта   қарқынды дамып, басқарудың түрлері мен  әдістері  жетілідіріліп,  білім беру,  мәдениет  денсаулық сақтау салалары  дами бастады.

Барлық жерлерде   жыл  қорытыныдылып жатқанда,    аудан толығымен   құрылып,  өз қызметін жаңа беттен   бастаған болатын.

Ы. Алтынсариннің  150 жылдығын  тойлау қарсаңында  аудан  есмін қайта  атау туралы ұсыныстар  түсіп,  тұрғындар  арасынан бір ауыздан   қолдау тапты,  аудан және облыс  басшылығының  қолдаухаты  мен Қазақстан Республикасы  Қазақ ССР Жоғарғы  Советі Президиумының 1991 жылғы 5 шілдедегі №751 қаулысымен Обаған ауданы  Алтынсарин ауданы болып  өзгертілді.

1991  жылы 1 қаңтарда  аудан аумағында  Арақарағай механикаландырылған  орман шаруашылығы, май,  нан заводы, автокөлік  кәсіпорыны  және   құрылыс  ұйымдары бар. Жер-су  аумағы  520,8 мың га  құрайды, оның ішінде  354,1  мың га. егістігі, шабындығы 6,9 мың,га  жайлымы 159,7 мың га. Жалпы  егін  алқабы 301,3 мың га, оның ішінде 242,8 мың.га егіндік, 0,4 картоп және бақша шаруашылығы.  Ауданда  27  мектеп, оның ішінде  1 қазақ, 18 орыс, 8 аралас, 1 аурухана, 25  селолық дәрігерлік  амбулатория, 23 фельдшерлік- акушерлік пункт, 16  кітапхана, 4  клубтық мекеме  болды.

Алтынсарин ауданының құрамына Большечураковский,  Димитровский, Докучаевский, Лермонтовский,  Маяковский, Новоалексеевский, Приозерный, Свердловский, Силантьевский, және  Щербаковский  селолық  советтері  кірді.

 Азғантай тарихи кезеңде  ауданда  экономика, білім беру, денсаулық сақтау өзгеріп, тұрғындардың  әлеуметтік- тұрмыстық жағдай жақсарды. 

хат жіберу